ТҮРКІСТАН: Кентауда коммуналдық шаруашылыққа көңіл бөлінеді

0
841

Өзекті мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда коммуналдық шаруашылыққа көңіл бөлінеді

Кентаудағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласын табиғи газбен толық қамту, жылумен қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, инфрақұрылымды дамытып, өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. Қаланы абаттандырып, жайлы да қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында шаһардың даму қарқыны, өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.


Облыс басшысы Кентау әкімі Рашид Аюповқа халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігі – тұрақты жұмыспен қамту екенін басты назарда ұстауды міндеттеді. Өзекті мәселелерді шешуге барынша күш салуды және халықпен тығыз байланыста болуды тапсырды. Инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жандандыруды жүктеді.


Кентаудағы 200-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілген. Биыл тағы 100-ге жуық көппәтерлі үй жаңартылады.