Дәл осы дәмхана тамағынан өткен жылы 168 адам уланған.
Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Кентау қаласында 58 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Оның 27-сі – бала. Науқастар Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнынан жылдам дайындалатын тағамдарды тұтынған. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қазақстан ұлттық арнасының тілшісіне мәлімдеген.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір уланғандар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар науқастардың саны тағы да көбеюі мүмкін екенін айтып отыр.
Естеріңізде болса, дәл осы дәмхана тамағынан өткен жылы қазанда 168 адам, тамыз айында сегіз адам уланған. Сол кезде тамақтану орны жабылып, басшылығына қатысты іс қозғалған болатын. Ал, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты да, аспаздарының медициналық кітапшасы да болмай шыққан.