ТҮРКІСТАН: Кентауда «Жасыл ел» еңбек жасақтары өз жұмысын бастады

0
577

Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «Жасыл ел» еңбек жасақтары өз жұмысын бастады

Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастар көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыс істегісі келетін жастар былтырғыдан 30% - ға артқан. Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті.


Бүгінде қалада аталған еңбек топтарының жұмысы басталды. Енді жастар жаз бойы қаланы абаттандыруға атсалысып, жасыл қаланың экологиясын жақсартуға атсалысады.


Маусым айынан бастап кезекті еңбекті 30-ға жуық жас бастады. Жалпы үш айға 90 жасты еңбекке тарту жоспарланған. Олар әр айда кезегімен жұмыс істейді. Қазіргі таңда 16-34 жас аралығындағы оқушы, студент және жұмыссыз жастар қаланы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуда.