ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жолдарға асфальт төселіп жатыр

0
289

Бүгінгі таңда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға жетіп, 303 шақырым жолға асфальт төселген.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жолдарға асфальт төселіп жатыр

Кентаудағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жолдарды кеңейту, асфальт төсеу, сапасын жақсарту, жаңа жолдарды қолданысқа енгізуді тапсырған болатын. Осы тұста Кентау қаласындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Бүгінгі таңда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға жетіп, 303 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл бағытты жұмыстар жалғасып жатыр.


Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, құрылыс жұмысын қажет ететін көшелер мен мөлтек аудандарға ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде. Бүгінде қаладағы 66 орам көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 205 метр асфальт жабындысы төселіп, аяқ жол мен арықтар орнаталды.


Одан бөлек 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 14,6 шақырым құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.