ТҮРКІСТАН: Кентаулық оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

0
648

Жас жігіттің денесі ауылдан табылған.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оның кәмелетке толмаған, жергілікті 10-сынып оқушысы екендігі анықталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған.


Мәліметке сүйенсек, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Аталмыш ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырды.


Осылайша полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.


Айта кетсек, қазір елдімекенде жағдай тұрақты.