ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары проблемалардың шешілуіне атсалысып жатыр

0
713

Сонымен қатар, облыс орталығындағы вокзалдың қайта құру жұмыстары да халық қалаулыларының жіті қадағалауында екенін атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары проблемалардың шешілуіне атсалысып жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстарын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттары мен Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз жиынын өткізді. Атап айтсақ, бұл брифингте облыстық мәслихаттың депутаттары Ғабиден Қапалбаев, Динара Егамердива, Бекарыс Шойбек және Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Шамхат Халмурадов сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.


БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте алдымен облыстық мәслихатқа Бәйдібек ауданынан сайланған депутат Ғабиден Қапалбаев сөз алып, осы уақытқа дейінгі сайлауалды бағдарламаның орындалуы және Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол өз сөзінде қазір аудан тұрғындарымен кездесулер тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, жер мәселесі және жолдар мен көпірлерге және табиғи газға қатысты екенін айтып, оның оң шешілуіне атсалысып жатқандығын жеткізді.


Халық қалаулысы жалпы 5 ай көлемінде 12 депутаттық сауал жолдап, оның 8-іне жауап алынғанын, сонымен қатар «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалымен бірге ауылдық округтерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдағанын айтты.


Ал, облыстық мәсилхат депутаты Бекарыс Шойбеков өзі атқарып жатқан жұмыстар жөніндегі баянадамасында әлеуметтік сала, оның ішінде мәдениет және спорт салалары бойынша өзекті мәселелерді көтеріп, тұрақты комиссия отырысында шешілуге ықпал жасап жүргенін айтты. Түркістан, Кентау қаласындағы бірқатар спорт нысандарының құрылысы және облыс орталығындағы вокзалдың қайта құру жұмыстары халық қалаулыларының жіті бақылауында екенін атап өтті.


Сонымен қатар, брифингте Түлкібас ауданы бойынша ұсынылған облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева да сөз алып, өзінің есебінде сайлауалды бағдарламаға сай жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Динара Асылқызы 4 рет қоғамдық қабылау өткізіп, 30-ға жуық азаматтың талап-тілегін тыңдаған. Депутат қабылдау нәтижелері бойынша жергілікті билік өкілдері шеше алмайтын кейбір мәселелерді ҚР Парламенті Мәжілісіне және ҚР экология және табиғи ресустар министрлігіне депутаттық сауал ретінде жолдап, жауабын күтіп жүр екен. Сонымен қатар, партияның бірқатар бағдарламасы аясында өңірлерде қызу жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Ал, Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Шамхат Халмұрадов жыл басынан бері аудандық мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәлім етті. Оның айтуынша, аудандық мәслихат биыл 7 сессия өткізіп, жалпы 55 шешім қабылдаған.


Брифинг барысында БАҚ өкілдері депутаттарға өз өңірлеріндегі өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойса, халық қалаулылары жауап беріп отырды. Сонымен қатар, депутаттар халық арасында жиі жүретін журналистер қауымының ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.