ТҮРКІСТАН: «Халық сақшылары» барлық аудан, қалаларда жұмыс істеп жатыр

0
713

Блок-бекеттердегі сақшыларға ыстық тағам таратуда.


ТҮРКІСТАН: «Халық сақшылары» барлық аудан, қалаларда жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысында «Халық сақшылары» еріктілер жасағы құрылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елдегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында «Халық сақшылары» еріктілер жасағы құрылған болатын. Бүгінде қоғам белсенділері, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары және өзге де сала мамандарынан құралған еріктілер жасағы өңірдің барлық аудан, қалаларында жұмыс атқарып жатыр.


Бүгінде Түркістан өңірі жастарынан құралған «Халық сақшылары» еріктілері облыстық полиция департаментінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда. Еріктілер облыс арасындағы блок-бекеттердегі сақшыларға ыстық тағам таратып жатыр. Сонымен бірге, еріктілер тұрғындарды коменданттық тәртіпті сақтауға шақырып, елді мекендерде түсіндіру жұмыстарына да атсалысуда.