Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Түркістан облысындағы ХҚО-да қызмет алушыларға құрмет көрсетілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ХҚО бөлім қызметкерлері «Бақытты клиент» бастамасын қолдап, қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап жатыр.
Атап айтсақ, ХҚО-ға қызмет алуға келген жас аналар, көп балалы аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет құжаттандырылған қызмет алушылардың құжаттарын қабылдап, құттықтау ретінде сыйлықтар берді.
Сонымен қатар, корпорация қызметкерлері тұрғындарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс істеу форматымен таныстырып, электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot2.0, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу, ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
«Елімізде орын алған төтенше жағдайдан кейін тұрғындарымыздың көңілін көтеру мақсатында жасалып отырған іс-шараға қызмет алушылармен қатар өзімізде қуанып қалдық. Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес, бастысы шын көңілден болуы. Әрдайым бір – бірімізге қуаныш сыйлай білейік. Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың барлық аудандарын қамту жоспарлануда»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков.
Еске сала кетсек, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшін ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады. Түркістан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.