ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көліктерге төлем құрылғысы орнатылып жатыр

0
281

Бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көліктерге төлем құрылғысы орнатылып жатыр

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде қолайлы жағдайлар жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде заманауи талаптарға сай жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, қаладағы қоғамдық көліктерде төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын құрылғылар орнатылып жатыр. Солардың бірі – «AlemРay» электронды төлем жүйесі.


Жауапты сала өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың электронды түрде төлем жасауы бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ бұл құрылғылар жолаушыларды тасымалдауда ыңғайлы және қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Автопарктің кірісін арттырып, жолаушы тасымалдауда мәдениеттілікті қалыптастырады.


«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады.


Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыз. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады. Жолақы қолма-қол төлегенде 100 теңге болса, «AlemРay» арқылы – 70 теңге.