ТҮРКІСТАН: Қоғамға еңбегі сіңген белсенділер марапатталды

0
2 599

«Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Қоғамға еңбегі сіңген белсенділер марапатталды

Түркістанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай қоғамға еңбегі сіңген партия белсенділерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Салтанатты жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты мерекемен құттықтап, «Nur Otan» партиясының жаңа саяси реформалар жасап, қоғамды дамытуға үлес қосып жатқанын атап өтті. Партияның бес белсендісін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен марапаттады.


Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевке «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі тапсырылды.


Өңір басшысы, партияның облыстық филиалының төрағасы Ө.Шөкеев өз кезегінде Түркістан облысының дамуына үлес қосқан, партияның саяси реформаларын жүзеге асыруға еңбек сіңіріп жүрген партияның бір топ белсендісіне «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін табыстады.


Марапатталғандардың арасында білім, медицина, журналистика, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де салалардың өкілдері бар.


«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Саяси кеңес бюросының қаулысымен республика бойынша үздік 400 нұротандық партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Оның ішінде Түркістан облысынан 31 партия белсендісі енгізілген.