Полицейлер мен қыздың туыстары берген ақпаратта айырмашылық байқалады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістандық полицейлер 6-қабаттан секірген қызға қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2023 жылдың 2 ақпаны күні Түркістан қалалық полиция басқармасының "102" тетігіне қонақ үй қызметкерлерінің бірінен ғимараттың 6-қабатынан жас қыздың секіргені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Оқиға орнына шыққан жедел тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүргізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді. Жас қыз Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді", - делінген реси хабарламада.
Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, тергеу барысында оқиғаның қатысушыларынан, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынған. Сондай-ақ, қонақ үйдегі барлық бейнебақылау камералары да тексеріліп, заттай дәлелдемелер алынған.
"Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жан-жақты атқарылуда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", - делінген ПД мәлімдемесінде.
Алайда, кәмелетке толмаған қыздың туыстар "бұл алдын-ала ойластырылған, ұйымдасқан топтың жасаған қылмысы" деп отыр.