9 жылдан бері табылған баспананы паналап келген.
Сарыағаш ауданында көп балалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданы кәсіпкерлерінің «Aidyn Nury» қайырымдылық қорымен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде көп балалы отбасыға 5 бөлмелі үй тарту етілді. Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны көп балалы ана Байниетова Салтанаттың осы күнге дейін өзінің жеке тұрғын үйі болмаған. 9 жылдан бері 4 баласымен табылған баспананы паналап келген.
Қайырымды жандардың жомарттығына риза болған көпбалалы отбасы алғысын білдірді.Өздеріне берілген тұрғын үйдің мектеп пен балабақшаға жақын орналасқанына ерекше қуанышын жеткізді.
Қайырымдылық – адамн бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.