​ТҮРКІСТАН: Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге арнаулы стипендия тағайындалды

0
1 413

Өткен оқу жылында көпбалалы отбасындан шыққан төрт студентке осындай шәкіртақы бөлінген.


​ТҮРКІСТАН: Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге арнаулы стипендия тағайындалды

Жастар жылына орай Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге арнаулы стипендия тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқу орнын үздік оқитын екі жас оқу жылында өз стипендияларынан бөлек 16 мың теңгеден шәкіртақы алып отырады. Бұл шара елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Дәл осындай шәкіртақы Жетісай жоғары медицина колледжіндегі студенттерге де тағайындалып отыр. Қомақты қаражатты бөліп отырған Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен "Densaulyq" Денсаулық сақтау ұйымы жұмыскерлерлінің жергілікті кәсіподағы жастарға жыл сайын қолдау көрсетуді қолға алмақ. Мәселен, өткен оқу жылында көпбалалы отбасындан шыққан төрт студентке осындай шәкіртақы бөлініп келген болатын.
Айта кетейік, арнаулы стипендия алуға іліккен студент Еркеғали Жақсылық аталған колледждің 3 курсында "емдеу ісі" бөлімінде оқиды. Ал, екінші студент Жандос Бақыт "медбике ісі" бөлімінде 3 курста білім алуда. Екі студент те оқу орнында үздік оқып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ, түрлі олимпиадаларға, білім бәсекелерінде үлкен жетісктерге қол жеткізген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымының басшылығы тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде.
Еске салайық, Түркістан жоғары медициналық колледжінде бүгінгі таңда көпбалалы отбасыдан шыққан 1150 бала, тұл жетім 8 студент оқиды. Мемлекенттік грант негізінде білім алатын жастар 20-22 мың теңге көлемінде стипендия алады.