Инфекция жұқтырғандардың көпшілігі Түркістан және Кентау қалаларының тұрғындары.
Өткен тәулікте Түркістан облысында инфекция жұқтырған тағы 9 науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласының 2002 ж. және Кентау қаласы, Қарнақ ауылының 1990 ж.тұрғыны, Түркістан қаласының 1987 ж., 1991 ж., 1999 ж., және 1996 ж. туған үш азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың барлығы вирус жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған.
Сондай-ақ Түлкібас ауданы, Ақсу-Жабағылы ауылының 1967 ж. тұрғыны да COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Ол Атырауда жұмыс істеп, 20 сәуір күні "Атырау-Шымкент" әуе рейсімен келген. Сол күннен бастап үй карантиніне жатқызылған.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 105 болды.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-8, Кентау қаласы -8,
Сайрам ауданы-3,
Мақтаарал-5,
Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-12,
Байдібек-2, Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7,
Созақ – 5, Түлкібас -1.