ТҮРКІСТАН: Коронавирустың 26 жағдайы тіркелді

0
677

Соңғы тәулікте 540 адам екпе қабылдаған.


ТҮРКІСТАН: Коронавирустың 26 жағдайы тіркелді

Түркістан облысында 26 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 905331адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 540 адам екпе қабылдаған. Облыста екінші компонентпен (ревакцинация) 763473 адам вакцина салдырды.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 26 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,18% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 043 441 жуық ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3119 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1587-і бос.


Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 414 жағдай тіркелді. Олардың 7427-да ауру симптомсыз өткен болатын.