ТҮРКІСТАН: Коронавирустың 59 жағдайы тіркелді

0
2 854

Өңірде пандемия басталғалы КВИ-дің 7689 жағдайы тіркелді.


ТҮРКІСТАН: Коронавирустың 59 жағдайы тіркелді

Түркістан облысында коронавирус жұқтыру өсімі 0.77 %-ды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы бір тәулікте COVID-19-індетінің 59 жағдайы расталған. Тәуліктік өсім 0.77 % құрайды. Өңірде пандемия басталғалы КВИ-дің 7689 жағдайы тіркелді. Оның 4840-ы симптомсыз өткен. Бүгінде облыс «жасыл аймақта» тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 1200 орын бар. Оның 486-і бос тұр. Сондай-ақ, бүгінге дейін 846 030 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3271 адам тексерілді.


Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.


Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Өңірде өз еркімен 500 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Екінші компонентпен 296 306 адам вакцина салдырды. Ал, кейінгі тәулікте 8565 бірінші компонентпен болса, екінші рет 5334 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.