ТҮРКІСТАН: Көшеден тауып алған есірткіні шекарадан алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

0
1 447

Күдікті есірткіні «Жібек жолы» шекара бақылау бекеті арқылы, Евразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында заңсыз өткізу барысында қолға түскен.


ТҮРКІСТАН: Көшеден тауып алған есірткіні шекарадан алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетелдік азаматтарды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұрын сотты болған Өзбекстан Республикасының азаматы Самарқанд қаласында көше бойында келе жатып, салмағы 1 граммнан астам есірткі құралы «каннабис шайырын» және салмағы 0,7 г есірткі құралы «апиын» тауып алып, өзі тұтыну үшін ішкі қалтасына жасырып, заңсыз сақтаған. Содан кейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазығұрт» шекара бақылау бекетінде есірткілерді заңсыз өткізу барысында ұсталды.

Осылайша, Өзбекстан азаматы өзінің қылмыстық құқықбұзушылық әрекетімен ҚР ҚК-нің 296-бабында «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» деп көрсетілген ауыр қылмысты жасаған деп танылды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде «күзетпен ұстау» қолданылып, Сарыағаш аудандық сотымен санкцияланған.

Сондай-ақ тағы бір күдікті Қарақалпақстан азаматы ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылықпен ұсталды. Атап айтқанда, Алматы қаласында орналасқан базарлардың бірінен 7 г есірткі құралы «гашиш» тауып алып, өзі тұтыну үшін, сол аяқ киімінің ішіне жасырып, заңсыз сақтаған. Күдікті тауып алған ірі мөлшердегі есірткіні «Жібек жолы» шекара бақылау бекеті арқылы, Евразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында заңсыз өткізу барысында қолға түскен. Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабымен тексеру өндірісі қозғалған.

"Жалпы халықтың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыс түрі, бұл – есірткіге байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Нашақорлық ұлттық таза қанымызды ғана емес, мемлекеттік қауіпсіздігіміз бен қоғамымыздың тұрақтылығына да кері әсерін тигізеді. Есірткі заттарын қолданған адамзат есінен айырылып, жынды адамша әрекеттер жасауы халық арасында «есті алатын – өлім» деген қорқынышты атауға ие болған. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9-наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттарының 72 атауы көрсетілген. Оның ішінде, каннабис, апиын, гашиш, наша, героин, кокаин т.б заттары кіреді", деп ескертеді Түркістан облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.