Бұл өнімнің басқалардан ерекшелігі – оны суға қайнатпай жеуге болады.
Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Премьер-министрдің қатысуымен жаңа кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданына іссапармен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазығұрт» индустриялдық аймағында орналасқан «СG Foods Central Asia» кәсіпорынының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ, іссапар барысыда ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин,Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және де «СG Foods Central Asia» Президенті Бинод Чаудхари кәсіпорын жұмысын іске қосып, кәсіпорынның жұмысымен танысты және өндіру миханизмін өз көздерімен көріп шықты.
Атап айтсақ, «СG Foods Central Asia» өндіріс орнының жалпы құны 5,7 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын алдағы уақытта көлемін кеңейітіп, 300 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Өндірістік қуатылығы жылына 5000 тоннаны құрайтын өндіріс орны Жапон елінің технологиясымен жабдықталан.
Аталған кәсіпорын әлемге танылған "WAI-WAI" брэндімен тез дайындалатын кеспе тағамының 12 түрін шығарып, жылына 72 млн. данасын Ресей, Орта Азия және алыс-жақын Еуропа елдеріне жөнелтілетін болады.
Айта кетейік, бұл өнімнің басқалардан ерекшелігі – оны суға қайнатпай жеуге болады. Алдағы уақытта дәмдеуіштің түрлерін де шығару қолға алынбақ.