ТҮРКІСТАН: Құны 1 миллионнан астам теңгенің техникаларын ұрлағандар құрықталды

0
783

Екі күдікті де жергілікті тұрғын болып шыққан.


ТҮРКІСТАН: Құны 1 миллионнан астам теңгенің техникаларын ұрлағандар құрықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сайрам ауданында отты болған ер азамат сыбайласымен бірге цехтан 1 миллионнан астам теңгенің техникаларын ұрламақ болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың қазан айында Түркістан облысы Сайрам АПБ-не «102» байланыс нөмірі арқылы жергілікті тұрғынның бірі арызданып, өзінің жекеменшік техникалық құралдарын дайындайтын цехында ұрлық жайты болғандығын айтқан. Нәтижесінде аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталады. Оқиға орын алған жерге жедел жеткен полицейлер белгісіз тұлғалардың 850 000 теңгенің қозғалтқыш құралдарын, 200 000 теңгенің техникалық бұйымдарын жымқырып кеткендігін анықтаған.

Сондай-ақ, Сайрам АПБ-ның жедел уәкілдері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді табу үшін жинақталған мәліметтерді саралаған жедел уәкілдер ұрланған заттардың базар аумағында болуы мүмкіндігін де ескере отырып, әрбір сатушымен тілдеседі. Тиісінше көп ұзамай сатушылардың бірінен ұрланған заттар табылады.

Содан кейін, сол сатушы арқылы полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, жәбірленушіге 1 миллионнан астам шығын келтірген екі күдікті аудан көшелерінің бірінен ұсталады және екеуі де жергілікті тұрғын болып шығады.

Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізген полицейлер олардың бірі бұрын соңды ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотты болғандығын анықтайды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. Ал ұрланған заттар түгелімен жәбірленушіге қайтарылды. Бүгінгі таңда Сайрам АПБ тергеушілерімен ұсталған 2 күдікті мен сатып алушыға қатысты тергеу амалдары қарқынды жүріп жатыр.