7, 9 және 12 қабатты жалпы саны 82 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылуда.
Түркістан қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 103 нысанның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Рашид Абатұлы «Құрылыс бөлімі» басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрсұлтан Жақсылық пен "Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" басшысы Әзімхан Омаровтың 2021 жылдың I тоқсанында бөлімде атқарылған жұмыстар бойынша есебін тыңдады. Есеп беру Түркістан қаласы әкімдігінің Instagram, Facebook желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Эфир барысында қала әкімінің парақшасындағы және 109 - Бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен ең маңызды сауалдар қойылып, сауалдарға бөлім басшысы тікелей жауап берді. Сонымен қатар, Халықтық кеңсе арқылы қала әкімінің қабылдауына жазылған азаматтар да ZOOM жүйесі арқылы сұрақтарын қойды.
Нұрсұлтан Бақытұлының сөзінше, бөлім тарапынан қазіргі күнде 103 нысанның құрылысы жүруде. Оның ішінде тұрғын үйлер, инженерлік инфрақұрылым құрылысы және саябақтар бар. Тұрғын үйлер - Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында салынуда. Атап айтқанда, 7, 9 және 12 қабатты жалпы саны 82 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылуда.
Аталған үйлердің құрылысы аяқталған соң "Отбасы банкі" және екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін болады. Бұл үйлерде инженерлік желілер, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қатар жүреді.
"Драма театр - Түркістан қаласының абыройын асқақтатар, тек қана қазақ тілінде қойылымдар көрсететін және шетелдерге танымалдылығын арттыратын театр болады. Сондықтан, театрдың қосымша ғимаратының құрылысы да маңызды. Әріптестер, уәдесінде тұратын билік қана мықты болады. Сондықтан, алда кезекте тұрғын жандарды баспанамен қамтамасыз етудегі межемізге бірлігімізді танытып, жетейік", - деген Рашид Абатұлы, құрылыс жұмыстарының сапасы мен құжаттарының заңдылығын тексеру үшін штат санын көбейтуге ұсыныс білдіруі тапсырды.