Екінші орында 18 ұпайы бар "Мақтаарал" командасы.
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының жетінші туры өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Түркістан-Арена" стадионында өткен сында Оңтүстік дербиі өз мықтысын анықтады. Жеті тур бойы қанжығасын жеңіспен майлаған Түркістан облысының қос командасы "Қыран" мен "Мақтаарал" күш сынасты.
Ойынның 47 минутында есеп ашқан "Қыранның" жартылай қорғаушысы Редван Мемешов 57 минутта екінші голымен өз командасына жеңіс сыйлады.
Ойын қортындысы бойынша 21 ұпаймен "Қыран" бірінші орынға ие болды. Екінші орында 18 ұпайы бар "Мақтаарал" командасы.