Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екендігін білдірді.
Қытай инвесторлары Шардарада мақта шаруашылығын дамытуға ниетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында мақта өсіру үшін қытайлық ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технология «ақ алтынды» егіп, теруге дейін өзі атқарады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық «Peng Sheng Group» басшыларымен кездескен болатын. Компания көрші Өзбекстан елінде бірнеше ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр.
Осы мақсатта аспанасты елінің инвесторлары Шардара ауданына келіп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың қабылдауында болды. Облыстың оңтүстік аудандарында іске асыруды көздеген қытайлық инвесторлар мақта сапасы мен көлемі едәуір артатынына сенімді. Ол үшін тамшылатып суару жүйесі құрылғылары орнатылады. Тараптар осы жобаны талқылады.
Аудан басшысы Шардара ауданының егістікке жері қолайлы, ағын суы мол екенін атап өтіп, ерекшеліктеріне тоқталып, жақында болған Қытай сапары нәтижесінде жүзеге асатын бірлескен жобалар туралы ой қозғады. Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екендігін білдірді.
Қытай инвесторы ауданның экономикалық даму бағытын және әлеуетін жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, аудан әкімі инвесторларға Шардара ауданының жалпы жер көлемін таныстырып, етістікке қолайлы аймақтар бойынша ақпаратпен бөлісті.