ТҮРКІСТАН: Мақта мәселесі бақылауда

0
951

Жиын-терім қарқынды жалғасып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Мақта мәселесі бақылауда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары мақта зауыттарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Шардара ауданына облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы барып, мақта зауыттарының жұмысымен танысты. Аудандағы ірі «Нимэкс» және «Аисиси» мақта зауыттарында болды.


«Біздің мақсат мақта жиын-терімін өз деңгейінде аяқтау. Зауыттарға келіп, ондағы шикізатты қабылдауға арналған құрылғылардың жағдайын білу, диқандар өнімін жекеменшік зауыттарға өткізгенде барынша тиімді сатуына ықпал еткіміз келеді. Әрине зауыттар да, диқандар да жеке кәсіпкер боп саналады. Алайда біз мемлекет тарапынан екіжақты келісімдер жасасуға көмектесіп, бақылауда ұстағанымыз дұрыс», – деді Ермек Кенжеханұлы.


Зауыт өкілдерінің айтуынша, бүгінде мақта қабылданып, шаруаларға аванс ретінде ғана қаржы беріп жатыр.


Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша биыл 15259 гектар жерге мақта егілсе, оның 5200 гектары, яғни 6673 тоннасы жиналып үлгерді. Жиын-терім қарқынды жалғасып жатыр.