ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 15 ірі нысан бой көтерді

0
618

Аталған нысандардың 9-ы пайдалануға берілген.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 15 ірі нысан бой көтерді

Мақтаарал ауданында 2021 жылы 15 нысанның құрылысы жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 2021 жылы 15 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 13 мектеп, 1 балабақша және 1 ауданның дербес бөлімдері үшін әкімшілік ғимараты бар. Аталған нысандардың 9-ы пайдалануға берілген. Ал қалған 6 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі.


Мақтаарал ауданы бөлінгеннен кейін жаңа аудан орталығы болған Мырзакент кентінде ғимараттардың аздығынан ауданның 7 бірдей дербес бөлімі С.Рахымов мектебінің жартылай ғимаратында жұмыс істеп келеді. Осы мәселені шешу үшін аудан әкімі Б.Асановтың бастамасымен Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесінен 3 қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы өткен жылы басталған. Әкімшілік ғимаратының жалпы ауданы 1421,04 шаршы метрді құрайды. Бас мердігері "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС, ал техникалық қадағалаушы "SPC Engeenering" ЖШС. Нысанның құрылысы биыл аяқталады.


Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының тұрғындары қоныстанған Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданынан тұрғындар үшін балабақша салу да кезек күттірмейтін мәселе еді. Онда 280 орындық балабақша ел игілігіне берілді.


Бұдан бөлек, былтыр 1200 орындық 1 мектеп, 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 8 мектеп, 100 орындық 2 мектептің құрылысы жүрді. Оның ішінде 1200 орындық мектептің, 200 орындық 5 мектептің, 100 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталған.