ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 4 блок-бекет жұмыс істеп жатыр

0
763

Коменданттық сағаттарда көшеге себепсіз шығуға болмайды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 4 блок-бекет жұмыс істеп жатыр

Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және оның алдын алу мақсатында Келес ауданынан Мақтаарал ауданына кіреберістегі Азаттық елдімекеніне және Жетісай ауданынан Мақтаарал ауданына кіреберістеріндегі Ақалтын, А.Қалыбеков және Достық елді мекендеріне блок бекеттер орнатылды.


Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиев барлық блок-бекеттерге жауапты ретінде бекітілді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдіктердің мамандары, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері, әскери қызметкерлер бекітілген кестеге сәйкес блок бекеттерде кезекшілік жасауда.


Атап өтер болсақ, блок бекеттен өткен көліктер мен көліктегі әрбір азаматтардың жеке куәліктері тексерілуде. Бұдан бөлек, ауданда төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңіне дейін күн сайын сағат 23:00-7:00 аралығында комендаттық сағат енгізілген. Аудан тұрғындарына осы уақыт аралығында көшеге себепсіз шығуға болмайды.