ТҮРКІСТАН: ​Мақтааралда 5 мың адам қатысқан сенбілік өтті

0
1 413

Аудандық сенбілікке мемлекеттік қызметкерлерден бастап білім, спорт, денсаулық сақтау саласы мамандары мен жекеменшік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты.


ТҮРКІСТАН: ​Мақтааралда 5 мың адам қатысқан сенбілік өтті

Аудан әкімі Бақыт Насырханұлының бастамасымен өткен аудандық сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысып, 410 тонна күл-қоқыс шығарылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан орталығы Мырзакент кентінің С.Қожанов көшесіндегі бордюрлердің топырағын тегістеу жұмыстарымен танысып, жұмысшыларға қолғабыс жасаған Бақыт Насырханұлы кент әкіміне көшелердегі сауатсыз жарнамалар мен тозығы жеткен билбордтарды ретке келтіруді мықтап тапсырды. Өңір басшысының сөзіне сүйенсек алдағы уақыттарда кент көшелеріне Сарыағаш, Қазығұрт аудандарының декоративті гүлдері егіліп, абаттандырылмақ.

Сонымен қатар, сенбілік барысында Достық каналы бойындағы кәсіпкерлік нысандарды аралаған әкім санитарлық жағдайы сын көтермейтін бірқатар нысан басшыларына ескертулер жасады.

5 мыңнан аса мемлекеттік қызметкерлерден бастап білім, спорт, денсаулық сақтау саласы мамандары мен жекеменшік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысқан сенбілік барысында 48 шақырым көше бойлары мен 12 шақырым аяқжолдар ретке келтіріліп, 410 тонна ретсіз тасталған күл-қоқыстар шығарылды.

Одан бөлек, 1431 шаршы метр үй іргелік аулалар мен 903 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер қоқыстан мақтааралдықтардың назарынан тыс қалмады.