Аудандағы «Ауған соғысы ардагерлер қоғамы» жанындағы «Мақтаарал баспана» қайырымдылық қорының мүшелері Мырзакент кентіндегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға тегін азық-түлік тарату үшін екі дүкеннен әлеуметтік бұрыштарды іске қосқан.
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін азық-түлік тарататын екі дүкен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мақтаарал ауданында «Ауған соғысы ардагерлер қоғамы» жанындағы «Мақтаарал баспана» қайырымдылық қорының мүшелері Мырзакент кентіндегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға тегін азық-түлік тарату үшін екі дүкеннен әлеуметтік бұрыштарды іске қосып отыр. Аталмыш дүкендерден азық-түлік алу үшін көп балалы отбасыларға ешқайда барып тізімге жазылуға немесе ешқандай құжат туырлаудың қажеті жоқ, тек дүкен сатушысына ескертіп, әлеуметтік бұрыштан алған азық-түлігін көрсетсе болғаны.
Мырзакент кентінде бастау алған әлеуметтік бұрыштарды ашу шарасы алдағы күндері Атакент кентінде де ашылмақ.
«Қазір адамдар жиі сауда жасайтын дүкендердің иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алла нәсіп етсе сәл күнде Атакент кентінен де ашамыз. Әлеуметтік бұрыштардың ашылуына жергілікті азаматтар атсалысып жатыр. Алдағы уақытта қалталы, табысты кәсіпкерлер де қайырымдылық шарасына демеушілік жасайды деген ниеттеміз»,- дейді ұйымдастырушылар.