ТҮРКІСТАН: Мақтааралда аудан әкімінің сайлауы аяқталды

0
1 120

Бахыт Асанов жеңіске жетті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда аудан әкімінің сайлауы аяқталды

Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. 5 қараша күні түйінделген бұл науқан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімі негізінде Бәйдібек, Созақ, Мақтаарал және Шардара аудандарында пилоттық режимде жүргізілді. Осы ретте, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз жиыны ұйымдастырылып, сайлау қорытындысы жария болды.


Атап өтсек, Мақтаарал ауданында дауыс беруге құқылы 70648 азаматтың 46133-і науқанға қатысса, 29338 тұрғынның сеніміне ие болған Асанов Бахыт Нәсірханұлы топ жарды. Ал Аязханов Жұмағали 7717 дауыс жинаса, Әлімқұл Баязит Базарбайұлының кандидатурасына 7270 дауысы беріліпті.


Сайлау қорытындысымен Мақтаарал ауданының әкімі болған экс-аудан басшысы 1962 жылы туылған.