ТҮРКІСТАН: Мақтааралда іскер әйелдер форумы өтті

0
1 884

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында кәсіпкер әйелдер бас қосты.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда іскер әйелдер форумы өтті

Мақтаарал ауданында "Әйел және бизнес" атты облыстық іскер әйелдердің форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкерлік саласын дамытудағы маңызы бар жиынға аудан әкімі Б.Асанов, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Түркістан облыстық филиалының директоры Д.Абсаттаров және "Атамекен" ҚРҰ кәсіпкерлік палатасына қарасты Түркістан облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы мен басқа да мүшелері, ауданымыздың белді кәсіпкер әйелдері қатысты.

Жиынды ашып берген аудан әкімі Б.Асанов ауданымыздың дамуына үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан салалардың бірі кәсіпкерлік болса, оның ішінде осы саланы дамытуда әйел кәсіпкерлердің үлесі орасан екенін тілге тиек етті.

"Кәсіпкерлік саласы - мемлекетті дамытудың локомотиві десек, Мақтаарал ауданында осы саланы дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Ауданымызда 9543 кәсіпкерлік бірлік тіркелген: оның ішінде 1383 дара кәсіпкер, 7854 шаруа қожалық бар. Іскер әйелдерге қолдау көрсету және олардың бизнес саласындағы мақсаттарының орындалуына қолайлы жағдайлар жасау арқылы Мақтаарал ауданының экономикасын дамытуға үлес қоса беретіндеріңізге сенімім мол" - деді Бақыт Насырханұлы.

Жалпы жыл басынан бері аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен «Атамекен» ҚРҰ кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалы ауылдық округтерде бірнеше рет семинар ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарға кәсіпкерлерге арналған бағдарламалардың тетіктері бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізген.

150 азаматқа кәсіпкерлік саласы бойынша кеңес беріліп, 4 кәсіпкерге заңгерлік қолдау көрсетілген. Қазіргі таңда «Бастау бизнес» бойынша 45 азамат оқытылуда. Барлығы 199 азаматқа кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетіліпті.

Биыл «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы көктемгі егістік жұмыстары үшін 6%-бен 158 жобаға 293,340 млн. теңгеге құжаттар тапсырылып, 80%-ы қаржыландырылған.