ТҮРКІСТАН: Мақтааралда “Қолғабыс” қайырымдылық акциясы өтті

0
1 778

Мақтаарал жастары жомарт жандардың көмегімен әлеуметтік дүкенге 200-ден аса түрлі киім-кешек әкелді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда “Қолғабыс” қайырымдылық акциясы өтті

Мақтааралдың белсенді жастары аудан орталығында қайырымдылық шарасын өткізді - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасының табысты кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды қоғам үшін игі іс жасауға шақырған Үндеуін жүзеге асыру мақсатында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы Асановтың бастамасымен іске қосылған Мырзакент кентіндегі әлеуметтік дүкенде ауданның ерікті жастары “Қолғабыс” қайырымдылық акциясын өткізді. Жастар жағы ауылдар мен көшелерден жомарт және кәсіпкер жандардың демеушілігімен әлеуметтік дүкенге 200-ге тарта түрлі киім-кешектер әкеліп өткізді.

Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен аймақтағы тұрмысы төмен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, қолұшын созуға арналған мұндай игілікті шара алдағы уақыттарда ауданда ашылатын барлық әлеуметтік дүкендерде жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, аталмыш дүкенде күнделікті тұтыну заттары мен азық-түлік өнімдері базар бағасынан 20 пайыз арзан бағада сатылса, мұқтаж жандардың қажеттілігіне қарай киім-кешек тегін беріледі.