ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құны 10 млрд. теңгеден асатын 5 жоба іске асырылып жатыр

0
595

Инвестиция шетелден тікелей тартылған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құны 10 млрд. теңгеден асатын 5 жоба іске асырылып жатыр

Мақтаарал ауданында 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамти алатын жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2022 жылдары Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,8 миллиард теңгені құрайтын және 308 адам тұрақты жұмыс орнымен қамти алатын 5 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС-і, жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і, темір-бетон өнімдерін шығаратын "KZ 2020» ЖШС-і, МВт электр энергиясын өндіретін «Инженерная арена» ЖШС-і, мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і іске қосылмақшы.


Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС-нің жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін жоба жылына 2,9 мың тонна май, 14000 тонна шрот шығару қуаттылығына ие және 48 адамды жұмыспен қамти алады. Сондай-ақ, дәл осы екелдің бірлесуімен жалпы құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын «Tulpar Texstill» ЖШС-нің жіп шығаратын фабрикасы 2024 жылға дейін іске қосылмақшы. Жоба іске асқан жағдайда 147 адам жұмыспен қамтылып, ақ алтынымен танымал Мақтаарал ауданында тұңғыш рет 6600 тонна жіп өндіретін текстил фабрикасы жұмыс істейтән болады.


Жалпы құны 209 миллион теңгені құрайтын «ЕL-KZ 2020» ЖШС-нің темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытының құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Жоба келесі 2022 жылы іске қосылып, 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.


Аудан әкімінің бастамасымен электр энергиясының жетіспеушілігі жиі байқалатын Мақтаарал ауданында жалпы құны 1,33 миллиард тенге болатын «Инженерная арена» ЖШС-нің электр энергиясын өндіретін станция да жыл соңына дейін қосылып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақшы. Малайзия мемлекетімен бірлескен жоба қуаттылығы 4,95 МВт электр энергиясын өндіруге қауқарлы.


Мақтаарал ауданында Германия мемлекетімен де бірлеске жоба әзірленіп, қауын-қарбыз, жалпы бақша өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і 2022 жылы іске қосылмақшы. Жалпы құны 2,1 миллион евроны құрайтын жоба 74 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.