ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мақта терім басталды

0
2 584

Орта есеппен биыл округте гектарына 26 центнерден өнім алу межеленіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мақта терім басталды

Алажаздай егістікте еңбек еткен Мақтааралдықтар мақта жинау науқанын бастады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандағы мақта жинау науқанын алғашқылардың бірі болып «Ж.Нұрлыбаев» ауылдық округіндегі Нұржан Ерназаров басшылық жасайтын «Нұржан» шаруа қожалығы бастады. Иелігіндегі 5,8 гектарға өткен жылы қауын егіп, 27 центнерден өнім алған шаруа биыл «Мақтаарал 47/27» сортын еккен.

Техникалық дақылға жасалған дұрыс күтімнің нәтижесінде бірінші терімнің өзінен гектарынан 27 центнерден өнім алуда. Мақта терімге жергілікті ауыл тұрғындарынан 25 адам қатысып, ақ алтынның келісін 30 теңгеден теруде.
«Мақтаны егуге «Қарақыр» мақта қабылдау пунктінен фючерлік ақша алғанбыз. Енді өнімді сонда өткіземіз. Бағасы шығып, тұрақталған соң сол бағамен қарызымызды жауып, үстіндегі пайдасын алатын боламыз» - дейді қожалық басшысы Нұржан Ерназаров.

Округтегі 677 шаруа қожалығы өткен жылы 5200 гектарға мақта ексе биыл 4880 гектар жерге мақта шитін сепкен. Округ әкімінің сөзінше биылғы жиын-терім науқанына округ бойынша 35 «Джондер» комбайндары қатысып, орташа өнімділік гектарына 26 центнерді құрайды деп жоспарлап отыр.