​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкер 10 айда 32 тоннаға жуық ет өндірген

0
1 343

Шаруа қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алған.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкер 10 айда 32 тоннаға жуық ет өндірген

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Құдайберген» шаруа қожалығы 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның бірі – Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, қазіргі таңда өнімін жинап алған. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.

Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.

Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында аудан әкімі Бақыт Асанов Т.Сырайловты «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша марапаттады. Кейіпкеріміз 10 айдың қорытындысы бойынша 31,5 тонна ет өндірген.