ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушыларға 100-ден астам планшет сыйлады

0
870

"Біз біргеміз!" акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жиналған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушыларға 100-ден астам планшет сыйлады

"Білім-инновация" лицейлері мақтааралдық оқушыларға 110 планшетті сыйға тарты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары мен түлектері "Біз біргеміз!" акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты.

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту өте маңызға ие. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смартфондар мен планшеттердің қажеттілігі байқалуда. "Білім-Инновация" лицейлерінің негізгі қызметі білім саласы болғандықтан, еліміздегі жағдай ескеріліп су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттерді табыс етті.

"Елімізде қандай қиын жағдай болмасын, ұрпағымызға сапалы білім беруді жалғастыру керекпіз. Бұл - мемлекетіміздің болашағы үшін өте өзекті. Міне, су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық оқушылардың білім алуына жағдай жасап, үлкен көмек беріп жатқан "Білім-Инновация" қоры мен лицейлеріне аудан жұртшылығы атынан өз алғысымды білдіремін!" - деді қайырымдылық шарасында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы "Білім-Инновация" қоры мен лицейлерінің алғашқысы емес. Бұған дейін қор 100 оттегі концентратын еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізген болатын.