ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың ең қарт сайлаушылары өз таңдауын жасады

0
1 517

Комиссия мүшелері 99 жастағы Күнсұлу Аккулова мен 105 жастағы ең қарт ана Азия Сердалиевалардың үйлеріне сайлау жәшігін апарып, таңдауларын жасатуға мүмкіндік тудырды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың ең қарт сайлаушылары өз таңдауын жасады

Бүгінгі ел Президентін сайлауда Мақтааралдың ең қарт кейуаналары да өз таңдауларын жасап, өздерінің үміткерлеріне дауыс берді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтаарал ауданында орналасқан 57 сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Тіпті, төсек тартып ауырып жатқан немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын сайлаушылардың таңдау жасауына да барлық жағдай жасалған.
Аудан аумағындағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Ауыл тұрғындары көше-көше болып сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасап жатса, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған жандарға учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өтініш білдіргендердің үйлеріне сайлау жәшігін апарып, таңдауларын жасатуға мүмкіндік тудырды.
Сондай жандардың бірі – 99 жастағы Иіржарлық Күнсұлу Аккулова болса, екіншісі – мақтааралдық 105 жастағы ең қарт ана, Атакент кентінің тұрғыны Азия Сердалиева.
Саналы ғұмырында ел игілігіне аянбай еңбек етіп, ұрпақ өрбітуде құрметке бөленген ақ жаулықты аналар Қазақстан болашағының жарқын боларына сенімді.
«Әлемдік аренада өзіндік орыны бар еліміздің Президентін таңдау – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да, әрбір азамат саналы түрде кандидаттарды ой елегінен өткізіп, бүгінін емес болашағын ойлап таңдау жасаулары тиіс. Еліміздің болашағының жарқын болуы – ол біздің ұрпақтарымыздың, солардың болашақтарының жарқын болуы» деген аналар ыстық ықыластарын жеткізді.
Ел жастарының елдігі мен бірлігін тілеп, ақ батасын берді.