ТҮРКІСТАН: Мал ұрлығына қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

0
2 861

Полиция, әкімшілік пен мал иелері тарапынан «Үш жақты келісімшарт» жасалады.


ТҮРКІСТАН: Мал ұрлығына қарсы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарының малдарын сырғалау және таңбалау жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатта полиция, әкімшілік пен мал иелері тарапынан «Үш жақты келісімшарт» жасалады. Осылайша облыстық полиция департаменті мал иелерінің жауапкершілікті сезінуін көздейді.

Мал ұрлығын алдын алу бағытында түнгі рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып құжатсыз мал тасымалдаған 200-ден астам автокөлік тексерілген. Құжатсыз мал тасымалдаған тұлғаларға 32 хаттама толтырылып, аудандық ветеринария бөліміне жолданды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттардыруға кеңес береді.