ТҮРКІСТАН: Мамандандырылған қызмет көрсету бөлімі жаңа ғимаратта жұмысын бастады

0
605

Өмірзақ Шөкеев аталған орталыққа барып, жұмысымен танысты.


ТҮРКІСТАН: Мамандандырылған қызмет көрсету бөлімі жаңа ғимаратта жұмысын бастады

Түркістан облысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі жаңа ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Дәлірек айтсақ, қазіргі таңда бұл мекеме Түркістандағы жаңа автовокзалда елге қызмет көрсетіп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған орталыққа барып, жұмысымен танысты.


Орталықта қызметкерлер мен қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда автокөлікті құжаттандыруға байланысты барлық қызмет ұсынылады. Атап айтсақ, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ автокөліктерді тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру жүзеге асырылып жатыр.