ТҮРКІСТАН: Марокко шегірткесіне қарсы күрес басталады

0
1 630

Түркістан облысында шегірткеге қарсы тиімділігі жоғары дәрі себілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Марокко шегірткесіне қарсы күрес басталады

Түркістан облысының Келес ауданында шегірткеге қарсы күрес бойынша штаб өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Штабтың көшпелі отырысына ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Г. Исаева, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев, Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары А. Марс қатысты.

Биыл марокко шегірткесі 83,8 мың га жерге таралуы мүмкін деген болжам бар. Өңірдің ауа-райы жағдайына қарай шегірткеге қарсы жұмыс белгіленген уақытынан ерте, яғни сәуір айында басталмақ. Аталған жұмысқа 240 маман тартылады. 46 бірлік дәрі бүркетін техникамен 6 мың литрдан астам тиімділігі жоғары дәрі себілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу аумағы 173 мың гектарға күрт өскен. Ал 2018 жылы өңделген жер көлемі 259 мың гектарға жетті.