ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаттары ордабасылықтардың мәселелерін шегуге атсалысады

0
760

Бірінші мәселе - Боралдай өзенінің маңынан су қоймасын салу.


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаттары ордабасылықтардың мәселелерін шегуге атсалысады

Мәжіліс депутаттары Ордабасы ауданына іссапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы, 27 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – Дархан Мыңбай мен Құдайберген Ержан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ордабасылық азаматтар Мәжіліс депутаттарына үш мәселені шешіп беру жөнінде ұсыныс айтты.


Соның бірі Ордабасы ауданы, Қызылсеңгір ауылында Боралдай өзенінің маңынан су қоймасын салу ұсынылды. Осы арқылы қыстыгүні және ерте көктемде су жинап, жазда Ордабасы, Отырар ауданындағы бірқатар елді мекеннің ағын су мәселесін шешуге болады.


Ордабасылықтардың екінші өтініші – Бөген су қоймасының астын тазалап, сыйымдылығын артыру. Өйткені бұл қойма біраз жылдан бері тазаланбаған. Депутаттар бұл мәселені қойын дәптерлеріне түртіп алды. Үшінші мәселеге келсек, аудан әкімдігі мен кәсіпкерлері индустриалды аймақта инвесторлар үшін газ бен электр қуаты бағасын төмендетіп беру, арнайы подстанция салу жайы қозғалды.


Депутат Құдайберген Ержан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында өңірлерді, аудандарды дамыту жоспары бекітілгенін, бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы атқарылуына заңдық тетіктер арқылы ықпал ететінін мәлімдеді.