ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаттары Шардара тұрғындарымен кездесті

0
582

Қабылдауда болған тұрғындар бірнеше мәселе бойынша сауалдар қойды.


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаттары Шардара тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ержан Құдайберген Төлепұлы және Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ауданда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Nur Otan" партиясы атынан сайланған халық қалаулылары Шардара ауданындағы "Хамит" СТК балық өңдеу зауытында болып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Депутаттар балық өңдеу саласындағы технологиялардың құрылымын қарап, оларды дамыту бойынша сөз қозғады.


Сондай-ақ, энергетика саласы бойынша Шардара ГЭС жүргізілген жаңғырту жұмысында болып, электр қуатын өндіруге арналған заманауи тың технологиялардың жұмысымен танысты. Олар энергия өнімділігін арттыру бойынша сөз қозғап, мәселелерді талқылады.


Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары аудандық өлкетану музейінде болып, тарихи экспонаттармен танысты. Музейдің жалпы әлеуеттік жағдайы мен ауданның мәденит саласы талқыланып, бірқатар мәселелер айтылды.


Сондай-ақ, Д.Мыңбай Шардара аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының ғимаратында болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Халық қалаулысына қабылдауда болған тұрғындар газ, ауыз су, тұрғын үйлерді жаңғырту (кондаминиум), туризм саласы, 150 орындық емхана ғимаратының құрылысы және Шардара су қоймасын бекемдеу құрылысы бойынша сауалдар қойды. Парламент депутатты әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, қажет болған жағдайда Үкіметке депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын жеткізді. Бұдан бөлек, жергілікті филиалдар арқылы партиялық бақылауда ұстап отыратындығын атап өтті.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары іссапар соңында Шардара ауданындағы Республика деңгейінде көтіруде қажет ететін мәселелерді депутаттық сауал ретінде жолдап отыратындығын айтты.