ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты БАҚ өкілдерімен кездесті

0
672

Қазіргі әлеуметтік ахуал жайында әңгіме өрбіді.


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай БАҚ өкілдерімен ашық диалог құрды. Облыс орталығындағы «Алатау» медиаорталығында өткен жиында мемлекеттік идеология, білім беру, мәдениет салаларындағы проблемалар мен кемшіліктер, БАҚ қызметкерлеріне қолдау көрсету мәселелері сөз болды.


Кездесуде алғашқы болып сөз алған Мәжіліс депутаты Парламент қабырғасында журналистердің, жалпы шығармашылық адамдарының жұмысына қолдау көрсету мақсатында «сыйақы қорын» құру мәселесі көтерілгенін айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қаламы қарымды қызметкерлерге арналған мұндай қор халықаралық тәжірибеде бірнеше жылдан бері қолданылып, тиімділігін көрсетіп келеді.


Сонымен бірге, журналистерге шығармашылық еркіндік беріп, жұмыс істеу тетіктеріне тың өзгерістер енгізу керек екенін айтты. Одан бөлек, қазіргі әлеуметтік ахуал жайында да аз-кем пікірін білдірді.