ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты ордабасылықтармен кездесті

0
716

Ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын көтеру


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты ордабасылықтармен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Ордабасы ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Ордабасы ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мәжіліс депутаты 2023 жылы Мәжіліс мінберінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. Мәжіліс депутатының айтуынша, былтыр мектеп тапшылығын азайту мақсатында қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасына республикалық бюджеттен Түркістан облысына қаржы бөлінді. Нәтижесінде Ордабасыда алда 5 білім беру мекемесінің іргетасы қаланатындығын тілге тиек етті.


Мәжіліс депутаты жиынға қатысушыларды аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешуге шақырды. Іссапар барысында Қайрат Балабиев аудандық мәслихаттың фракция мүшелерімен пікірлесті. Кездесуде әлеуметтік мәселелермен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауылдарда жүзеге асырылуы, агросектор төңірегінде ой бөлісті. Аудандық мәслихат депутаттары жергілікті халықты толғандырған бірқатар мәселені жеткізіп, халықтың мәселесін оңды шешуге бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.


Сонымен қатар депутат өткен жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қабылдаудан өткен, жоба құны 3,0 млрд.теңгені құрайтын алюминий профиль бұйымдарын өндіретін «Gold Aluminium» зауытының жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен пікірлесті. Одан бөлек, Бөржар ауылындағы жылқы бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Мейірхан Утеповтың шаруашылығын аралап, мемлекеттік қолдаудың тиімді тұстарын талқылады.