ТҮРКІСТАН: Медициналық ұйымдарға 2 миллионнан аса тұрғын тіркелген

0
528

Түркістан облысының 1 630 137 тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие.


ТҮРКІСТАН: Медициналық ұйымдарға 2 миллионнан аса тұрғын тіркелген

Түркістан облысында медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының 1 630 137 (80%) тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие. Жалпы, медициналық ұйымдарға облыс бойынша 2 041 087 тұрғын тіркелген. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен өткен жиналыста айтылды.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту жөніндегі кезекті штаб отырысында қала, аудан деңгейінде құрылған штаб жұмысын жандандыру мәселесі қаралды.


«Жүйеде әлі күнге дейін сақтандырылмаған 400 мыңнан аса адам ақысыз қызметтерден тыс қалып отыр. Бүгінде аудан, қала кесіндісінде МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар көрсеткішіне сараптама жасалды. Сараптама бойынша жыл басында Сауран және Мақтарал аудандарындағы жүйеге тұрғындарды қамту шараларының көрсеткіші мүлдем төмен болса, бүгінде Шардара, Түлкібас, Сайрам, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарындағы МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту барысында төмендегені байқалады», – деді Бейсен Тәжібаев.


Облыс әкімінің орынбасары өңірде штабтың жұмысы баяу екендігін айтып, аудан, қалалар аптасына бір рет штаб отырысын өткізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ жұмыс алгоритмін қайталап, тиісті адамдармен бірлесе жұмысты жүйелеп, нақты қадамға кірісуді, сақтандырушылардың көрсеткішін артыруды тапсырды.


Өз кезегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекова халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі жобалық кеңсесінің жұмысы (алгоритмі), штаб мүшелерінің өз құзыреті деңгейінде атқаратын жұмыстары туралы баяндады.


Түркістан облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған 410 950 адамды сақтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті тапсырмалар берілген. Сонымен қатар Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан МӘМС бойынша кемшіліктерді жою, жеке кәсіпкерлерге автоматты режимде хабарлама қалыптастырылатындығын хабарлады.


Облыс әкімі орынбасарымен бекітілген жұмыс жоспарына сай 9 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін азаматтарды МӘМС жүйесіне тартуға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Айта кетейік, облыс әкімінің «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша өңірлік штаб құру туралы» өкімі шықты. Түркістан облысы бойынша қала,аудандарының штаб құрылуы толық аяқталып, өкім шықты. Аудандарда штаб отырысы өткізілді.