ТҮРКІСТАН: Мектеп кітапханалары модернизацияланып жатыр

0
918

Шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналады.


ТҮРКІСТАН: Мектеп кітапханалары модернизацияланып жатыр

2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 108 мектеп модернизацияланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен 2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 108 мектеп модернизацияланады. Соның ішінде Түлкібас ауданына қарасты 42 білім беру мекемесінің мектеп кітапханалары модернизациялауға еніп отыр. Мектеп кітапханаларын модернизациялаудың басты міндеті - қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру.


Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналады.


«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік-саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни, модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.


Сонымен бірге, қолға алынған жұмыстар кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта Түлкібас аудандық білім бөліміне «100 кітап» жобасына еніп, қазақ тіліне аударылған, 26 атаумен 2100 дана енген көркем әдебиеттер және балалар әдебиеттерімен толықтырылды.