ТҮРКІСТАН: Мектептерде 53 мың бала сауықтырылып жатыр

0
461

Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді.


ТҮРКІСТАН: Мектептерде 53 мың бала сауықтырылып жатыр

Түркістанда жазғы сауықтыру лагерлерінің кезекті маусымы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерлері бірінші ауысымға оқушылар қабылдап үлгерді. Барлық 31 маусымдық жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы маусым айына жоспарланған. Маусым айының 10-на дейін 15 жазғы сауықтыру лагері ашылады деп күтілуде. Олар – Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы», Кентау қаласындағы «Urker», Төлеби ауданындағы «Алатау», «Изуми тау», «Тау шыңы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауыл лагері», «Бәйшешек», «Айнабұлақ», Түлкібас ауданында «Отырар», «Лок-Машат», «Арман», Қазығұрт ауданында «Тұрбаза-Қазығұрт», «Мейіржан», Сарыағашта «Балдаурен», Сауран ауданында «Балауса» лагерлері. Қалған 6 лагерь маусым айының 15-не дейін ашылады деп жоспарлануда. Бұған қоса барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектептерде бір мезгілгі тамақпен 53 мың бала сауықтырылуда.


Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар өңірде мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын 350 лагерь және 648 ойын алаңшасы балалар үшін қызмет көрсетеді. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 108 мың оқушы көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығының жұмысына көмекші ретінде қатысады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 колледж студенті дуалдық білім беру шеңберінде тартылады.