Мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.
Түркістандағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы құқықтық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» атты облыстық семинар өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы тікелей Президент әкімшілігінің бақылауында екендігі және сала бойынша ҚР Президентінің №954 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдар жыл сайын бағаланып отыратындығы барлығымызға белгілі. Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына аса мән берілуі және жоғары деңгейде орындалуы тиіс», - деді басқарма басшысы Марат Айнабеков.
Жиналыста басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұржан Қалтбеков Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, «ХҚКО» МО АЖО ЫАЖ» мониторингі нәтижесінде анықталған бұзушылықтар баяндалды. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, құқықтық оқыту өткізілді.