Пікір-сайысқа облыстың мемлекеттік қызметшілері мен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің белсенді студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында аймақтық пікір-сайыс өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл шараға облыстың мемлекеттік қызметшілері мен Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің белсенді студенттері қатысты.
Пікір-сайыстың мақсаты – қазіргі және болашақ мемлекеттік қызмет кадрларына тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды иеленуіне ықпал ету.
Шараға қатысушы 4 топ екі тілде өзара пікір алмасып, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұндай пікір-сайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді.
Аймақтық пікір-сайыс заңның үстемділігі мен адамгершілік құндылықтар аясында өрбіп, өткір тілді қатысушылардан орамды ойлар айтылды.
Сайыс соңында жеңімпаз деп танылған топ мүшелері тиісінше марапатталып, республикалық деңгейдегі ойындарға қатысуға жолдама алды.