Түркістан мен Өзбекстанды байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр

0
1 959

Тәулігіне 15 мыңға жуық көлік жүреді.


Түркістан мен Өзбекстанды байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр

Түркістан өңірін Өзбекстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-15 «Жызақ - Гагарин - Жетісай - Қызыләскер - Сарыағаш - Жібек жолы» күре жолы жөнделіп жатыр.


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, трассаның жалпы ұзындығы 146 шақырымды құрайды. Күре жол бойында 30-ға жуық елдімекен орналасқан. Облыс бойынша көлік қарқыны жоғары жолдардың қатарына жатады. Тәулігіне 15 мыңға жуық көлік жүреді.


«Биылғы жол құрылысы маусымы аясында жолшылар ұзындығы шамамен 50 шақырымды құрайтын нашар күйдегі үш учаскені жөндеп жатыр. Жөндеу жұмыстары Өзбекстан шекарасынан Жетісай қаласына дейінгі, Енкес елдімекенінен Жібек жолы елдімекеніне дейінгі және Қызыләскер ауылынан Жүзімдік ауылына дейінгі жол аралықтарында жүргізіліп жатыр», - деп жазды ведомстводан.


Жөндеу жұмысы тәулік бойы екі ауысымда жалғасып жатыр. 70 маман мен 45 арнайы техника жұмылдырылды.