Видео 1 минут көлемінде болғаны дұрыс.
Түркістан телеарнасы «Менің ауылым 5G» байқауын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы ауылды елдімекендердегі интернет сапасын жақсартуға айрықша күш салып жатыр. Осыған орай Түркістан телеарнасы ерекше челлендж ұйымдастырады.
Байқау талаптарына сәйкес, интернет сапасының артқанын пайдаланып, телеарнаның «turkistan.tv» парақшасына қызыққа толы видео жасап, жолдау керек. Сондай-ақ, видео 1 минут көлемінде болғаны дұрыс.
Ең тартымды, қызықты видеолар парақшадан жрияланып, байқау жеңімпазына сыйлықтар беріледі. Ен үздік деп танылған бейне роликтер парақша беттерінен жарияланады.