8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар қабылдайды.
Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлықхалыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегікестеге сай жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге аралығында, сенбікүні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGovmobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.
Кезекші орталықтардың мекенжайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп,таныса аласыз.